Шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған Стипендиялық бағдарламалар

БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ ДЕГЕН НЕ?

Шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың бакалавриат бағдарламасына түсуі Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу ережесіне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады және Қазақстан университеттерінің бірінде 180-240 ECTS кредитін меңгеруін қарастырады.

КІМ ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ?

  • кемінде «жақсы» деген бағасы бар орта білімді аяқтауды  растайтын құжатқа ие

Шетел азаматы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК?

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (транскриптімен);
  • қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
  • үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
  • үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
  • қазақстандық ЖОО-нан шақыру хаты (егер бар болса).

 

МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫ ДЕГЕН НЕ?

Шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың магистратура бағдарламасына түсуі Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу ережесіне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады және Қазақстан университеттерінің бірінде 60-120 ECTS кредитін меңгеруін қарастырады.

КІМ ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ?

  • кемінде 2.33 (4.0-ден) GPA орташа балымен бакалавр немесе маман дипломы немесе оның білім беру ұйымдарында алған баламасына ие

Шетел азаматы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК?

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (транскриптімен);
  • қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
  • үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
  • үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама.
  •  қазақстандық ЖОО-нан шақыру хаты (егер бар болса).

 

ДОКТОРАНТУРА БАҒДАРЛАМАСЫ ДЕГЕН НЕ?

Шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың докторантура бағдарламасына түсуі Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу ережесіне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады және Қазақстан университеттерінің бірінде 180 ECTS кредитін меңгеруін қарастырады.

КІМ ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ?

  • кемінде 2.33 (4.0-ден) GPA орташа балымен магистр дипломы немесе оның білім беру ұйымдарында алған баламасына ие;
  • шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификаты бар

Шетел азаматы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК?

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (транскриптімен);
  • қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
  • үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
  • үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
  • диссертациялық зерттеу тақырыбына қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі негіздеме;
  • шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат.
  • қазақстандық ЖОО-нан шақыру хаты (егер бар болса).

 

ГРАНТ

Конкурстық іріктеуден табысты өткен үміткерлер таңдаған Қазақстан Республикасының ЖОО қабылданады.

Стипендия келесілерді ҚАМТИДЫ:

  • таңдаған білім беру бағдарламасының толық оқу кезеңінде тегін оқуы;
  • студенттің академиялық табысына қарай оқудың барлық кезеңіне арналған ай сайынғы стипендия.

Стипендия келесілерді ҚАМТЫМАЙДЫ:

  • жол жүру шығындары;
  • тұруы;
  • виза, медициналық сақтандыру.

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ

Стипендиялық бағдарлама бойынша үміткерлерді іріктеу Комиссиясы барлық түсу талаптарына сәйкес келетін және қажетті құжаттарды ұсынған үміткерлерді қарастырады.

Үміткерлерді іріктеу ұсынылған құжаттар және бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестілеу, онлайн әңгімелесу, нәтижелері негізінде жүргізіледі.

Стипендиаттар тізімі ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайтында орналастырылады.

 

ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?

  1. www.enic-kazakhstan.edu.kz сайтындағы ақпаратты ОҚЫҢЫЗ
  2. Қажетті құжаттарды ұсыну арқылы порталда ТІРКЕЛІҢІЗ
  3. Қазақстандық ЖОО мен білім беру бағдарламасын ТАҢДАҢЫЗ
  4. Бейімделу әлеуетін анықтауға арналған тестілеуді ӨТІҢІЗ
  5. Онлайн әңгімелесуге шақыруды КҮТІҢІЗ
  6. Өзіңізді стипендиаттар тізімінен ТАБЫҢЫЗ.

 

ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ҮШІН СІЛТЕМЕ:

https://enic-kazakhstan.edu.kz/fellowship_programme/universities