Қаскелең

Қаскелең - Қазақстан Республикасы Алматы облысы Қарасай ауданындағы қала және әкімшілік орталығы. Іле Алатауының етегінде, Қаскелең өзенінің бойында, Алматы қаласының шекарасынан 10 км жерде орналасқан. Қала тұрғындарының саны 81850 адамды құрайды.

Бұл қала маңындағы көкөніс-сүт фермасының орталығы. Қалада көкөніс консерві, сүт, кірпіш және басқа да зауыттар жұмыс істейді.

Қалада 1 университет бар. Шетелдік студенттер саны - 97 адам.