Түркістан

Түркістан - Қазақстанның оңтүстігіндегі Сырдария өзенінің бойында орналасқан қала. 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Қала тұрғындарының саны 218 331 адамды құрайды.

Орта ғасырларда Яссы (Түркістан) қаласы бекініс қаласы болған. Түркістанның жаңа атауы 15 ғасырдан басталады. XVI-XVIII ғасырлар Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды. ХХ ғасырда өнеркәсіптің, білім мен мәдениеттің ірі орталығына, ішкі және сыртқы туризм орталығына айналды. Қалада 13 өнеркәсіп нысаны, сонымен қатар мал және өсімдік шаруашылығы бар. Қала ірі аймақтық сауда орталығы, қалада үлкен базар бар.

Түркістанның көрікті жерлері ЮНЕСКО мұрасына еніп, көптеген адамдар үшін қажылық нысаны болып табылады. Түркістан мұсылмандар үшін Меккеге зиярат етумен теңестірілген қасиетті жерлерімен әйгілі. Олар Арыстан баба кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Гауһар ана кесенесі, Үқаш ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Отырар оазисі, Хилвет т.б.

Түркістан облысында 2 жоғары оқу орны бар, онда 1076 шетелдік студент оқиды.