Даярлық курстары

Қазақстанның ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде білім алу 

 

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.

 

Грант саны: 
Диаспора - 1300
Тілдік курстар - 200

 

Коронавирус пандемияcына байланысты дайындық бөлімдеріне түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін құжаттар онлайн режимінде ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайты арқылы қабылданады.

 

 

Қажетті құжаттар:

  • еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш; 
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
  • 086-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).

 

Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz/ сайтында табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы хабарласуға болады: 
Тел: +7 10 (7172) 28 75 26 
E-mail: admission@n-k.kz