Mosque
Pyramid

Қазақстан туралы

Батыс бөлігі Еуропаға дейін созылып жатқандықтан Қазақстан трансконтинентальды ел болып саналады. Табиғи ресурстарға бай, мұнай, газ және көмірдің ірі ауқымды өндірушісі болып табылады. Қазақстанда әлемдегі бірінші және ең үлкен Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Қазақстан - жаһандық антиядролық қозғалыстың әлемдік көшбасшысы.

113
Жоғары оқу орны
28,169
Шетел студенті
9,164
Білім беру бағдарламасы
16
Қала

Қазақстанның басты мемлекеттік мейрам күндері

16 желтоқсан
Тәуелсіздік күні
7 мамыр
Отан қорғаушылар күні
1-2 қаңтар
Жаңа жыл
9 мамыр
Жеңіс күні
8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні
6 шілде
Астана күні
21-23 наурыз
Наурыз мейрамы
30 тамыз
Конституциясы күні
1 мамыр
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
1 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер еліміздің еңбек заңнамасына сәйкес демалыс күндері болып саналады

Қазақстан

ақшасы

Тенге (KZT)

Tenge

Қазақстанның климаты шұғыл континенталды. Жылдың барлық төрт мезгілі айқын байқалады. Елдің аумағының үлкендігіне байланысты ауа-райы республиканың әр түрлі аймақтарында үлкен айырмашылықтарға ие. Қыста елде орташа температура -15-20°C, жазда +30+35°C болады.

Еліміздің солтүстік бөлігінде, қыста температура -45°C-қа дейін төмендейді. Оңтүстік бөлігінде, жазда, температура +45°C-қа дейін көтеріледі.