Астана

Астана – Қазақстанның қазіргі астанасы. Еліміздің солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан әкімшілік-саяси орталық. Қала екі бөлікке - оң және сол жағалауға бөлінген. 2022 жылғы жағдай бойынша халық саны 1 340 782 адамды құрайды, бұл Қазақстан бойынша Алматыдан кейінгі екінші орында.

Қала туристер үшін тартымды және тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы жағдай жасалған. Мегаполистің көрікті жерлері: Ақорда, Астананың орталық мешіті, Бейбітшілік және келісім сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті, «Астана Опера», Бәйтерек, Ханшатыр, т.б.

Астанада 2706 шетелдік студент оқитын 20 жоғары оқу орны бар.

Бүгінде Астана ел дамуының негізгі бағыттарының торабындағы Қазақстанның ірі әкімшілік орталығы ғана емес. Бұл Қазақстанның инновациялық дамуына серпін беретін жетекші қала. Қала – жаңа мыңжылдықтағы Қазақстандағы өзгерістердің локомотиві.