1. Музей және галереялар
Қазақстан - жас мемлекет, бірақ соған қарамастан тарихы бай және әр түрлі қызмет салаларында керемет жетістіктері бар. Қазақстанмен тереңірек танысу үшін Сіз әр түрлі мұражайлар мен галереяларға барып, оның мәдениеті мен өмірін танып біле аласыз. Тарихи-тақырыптық мұражайлар бар. Галереяларда мезгіл мезгілімен көптеген жергілікті және халықаралық көрмелер өткізіліп тұрады. Көрмелер туралы Ticketon.kz сайтында немесе мұражайдың кестесінде білуге болады.
2. Кино және театрлар
Кино мен концерттерге бару - қазақстандық студенттердің ең сүйікті уақыт өткізу түрі. Елде әр түрлі кинотеатрлардың желілері бар, онда студенттерге билетті жеңілдікпен сатып алуға болады. Әлемнің барлық елдеріндегі сияқты көптеген ойын-сауық орындарында студенттерге қосымша жеңілдіктер қарастырылған. Кино мен концерт билеттерін KinoPark, Ticketon, Kino.kz мобильді қосымшаларында сатып алуға болады. Сондай-ақ, Тикетонда әр түрлі концерттер, театр қойылымдары мен премьераларды бақылай аласыз.
3. Қазақстандағы саяхат
Оқудан және қаладан демалу үшін демалыс күндері Сіз бүкіл ел бойынша саяхаттай аласыз. Қазақстан әдемі және керемет жерлерге толы. Шарын шатқалы, Шымбұлақ, Үлкен Алматы көлі, Қайыңды және Көлсай көлдері (Алматы облысы), Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Ақмешіт үңгірі (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қатон-Қарағай (Шығыс Қазақстан облысы), Бурабай көлі (Көкшетау облысы) - Қазақстанда барып көруге міндетті жерлердің аз бөлігі.
Қалалар арасында ұшақпен, пойызбен, автобуспен немесе таксимен саяхаттауға болады. Билеттерді Chocotravel, Aviata.kz онлайн-платформаларында немесе тасымалдаушының веб-сайтында (Air Astana, Scat Airlines, FlyArystan, Қазақстан темір жолдары және т.б.) сатып алуға болады. Сонымен қатар Chocotravel мобильді қосымшасында тұрғын үй немесе отель орындарын іздеп және брондауға болады.