Оқу орындары

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Қала: Талдықорған

Вебсайт: https://zhetysu.edu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 0.0

THE Рейтингі: 0.0

ЖОО туралы

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ 1972 жылы педагогикалық институт ретінде құрылды. Қазіргі уақытта І. Жансүгіров атындағы ЖУ – Алматы облысының экономикасын қажетті кадрлармен қамтамасыз ететін көп салалы университет. 50 жыл ішінде ЖОО ҚР Білім беру, Экономика және өндірістің түрлі салаларында еңбек ететін 54 мыңнан астам мамандарды даярлады. Университет құрылымында 6 жоғары мектеп, үздіксіз білім беру институты, колледж, әскери кафедра, биотехнология мәселелерін ғылыми-зерттеу институты, StartUp Academy ZhU, «Рухани Жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығы, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы, IT-орталықтар мен зертханалар бар. Университет IQAA және ACQUIN халықаралық агенттіктері аккредиттеген бакалавриат, магистратура, докторантураның 89 білім беру бағдарламалары бойынша 6000-нан астам білім алушыны дайындайды; шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы, көптілді және екідипломды білім беру іске асырылады. Университет Қазақстанның көпбейінді жоғары оқу орындарының арасында ұлттық рейтингте 7-орынды иеленеді, QS рейтингісінде дамушы Еуропа мен Орта Азияның үздік жоғары оқу орындарының ТОП 241-250-іне енді. Университет З. Бабура атындағы Әндіжан университетінің (Өзбекстан), Заманауи халықаралық университеттің (Қырғызстан), Пшасныш қаласындағы лингвистикалық-техникалық университеттің (Польша) базасында «Zhetysu» өкілдіктерін ашты.

ЖОО галереясы