Оқу орындары

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Қала: Орал

Вебсайт: https://wku.edu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://a.wku.edu.kz/

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті - еліміздің көне жоғары оқу орындарының бірі, Батыс Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орны. 1932 жылы құрылған. Университеттің мамандануы көп салалы. Университет құрылымында 53 бакалавриат (күндізгі, сырттай), 24 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мамандар дайындайды. Студенттер контингентінде білім алушылардың жалпы саны бакалавриат бойынша – 4640. Оның ішінде 1279 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша грант бөлімінде, 3361 студент ақылы бөлімде білім алуда. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамында 20 ғылым докторы, 15 профессор, 163 ғылым кандидаты, 84 доцент, 73 магистр қызмет атқарады. М. Өтемісов атындағы БҚМУ ҚР-ның ЖОО арасында ең алғаш рет әлемдік білім кеңістігін құруға бағытталған Болон декларациясына қол қойды. Декларацияның принциптерін жүзеге асыра отырып, біздің оқу орнымыз халықаралық мойындауға талпынып және аккредитациялық институттардың, түрлі білім бағдарламаларының аккредитациясынан сүрінбей өтуге тырысуда. Ұлттық Аккредитациялық Орталық кеңесінің 2010 жылдың 30 маусымдағы шешімімен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті институталды аккредитациядан сәтті өтіп, бүгінгі таңда халықаралық аккредитациядан өту дайындығында. Университет құрамында: экономика және басқару факультеті, мәдениет және өнер факультеті, педагогикалық, филологиялық, жаратылыстану-математикалық факультеттері және тарих және құқық факультеті, колледж, қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды. Студенттік өзін-өзі басқару, жастар қоғамдық бірлестігі, студенттер театры қызмет етеді. Студенттердің КТК ойындары, слеттері, дебаттары, турнирлері дәстүрлі түрде өтіп отырады. М. Өтемісов атындағы БҚМУ оқу-білім және материалдық базасымен осы заманға сай толық жабдықталған: 8 оқу ғимараты; оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары; Батыс аймағының оқу орнына арналған ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын 1 млн. астам кітап қорын құраған ғылыми кітапхана; 9 оқу залы, оның ішінде, электронды зал, компьютерлік кешен, интернет және мультимедиалық кластар, оқу телеарнасы, заң клиникасы, спорт сарайы, экология және биогеохимия сынақ зертханасы, баспа орталығы, университет мұражайының бес филиалы, балет залы, тігін және зергерлік шеберхана, студенттік асханалар мен кафе, жатақхана, Шалқар өзенінің демалыс аймағы. Біздің оқу орнында табиғи экожүйесі бойынша, педагогика мәселелері және Қазақстан тарихы бойынша ғылыми мектеп қалыптасқан. БҚМУ Спорт клубында салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып жүрген спорттың 17 түрінен университеттің 500 студенті 17 секциясымен бірлескен. Жыл сайын профессор-оқытушылар құрамы арасында спорттың 5 түрінен спартакиада оздырылып отырады, спорттың 12 түрінен БҚМУ студенттері республикалық универсиадаларға қатысады. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті алыс және жақын шет елдерінің жоғары оқу орындарымен халықаралық қарым-қатынасты нығайтып, дамытуда. Бүгінгі таңда университет Германия, АҚШ, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, Украина, Грузия, Литва, Әзірбайжанның ЖОО-мен ынтымақтастықта 30 келісімшарт жасады.

ЖОО галереясы