Оқу орындары

ЖОО туралы

Халықаралық білім беру корпорациясы (бұдан әрі - ХБК) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университеті (ҚАУ) базасында құрылған бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешен. Миссия - ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау негізінде ұлттық білім беру жүйесіне әлемдік үздік білім беру стандарттарын, технологиялар мен инновациялық бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын жасау және енгізу. Көшбасшылыққа бағдарланған және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған кәсіпқойларды озыңқы даярлау.ХБК Кредиттік оқыту технологиясы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. Білім алушылардың оқу пәндері мен білім беру траекторияларын еркін таңдау арқылы өз ойын білдіру және өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытуға негізделген оқудағы студентке бағдарланған тәсілге көп көңіл бөлінеді, бұл ретте оқу процесін ұйымдастыру жүйесі, алынған білімнің көлемі мен сапасы ескеріледі.

ЖОО галереясы