Оқу орындары

Казақ ұлттық хореография академиясы

Қала: Нұр-Сұлтан (елорда)

Вебсайт: https://balletacademy.edu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: РГП на ПХВ

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/user/rep/passports

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ базасында 2021 жылғы 1 қыркүйекте құрылды. Орталық Азиядағы алғашқы көп деңгейлі білім беру жүйесін қамтитын бірегей балет академиясын құру идеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Теңдесі жоқ жаңа оқу ордасын басқаруға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованы шақырған еді. Академияның негізгі миссиясы – ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және қазақ мәдениетін әлемдік балеттің даму болмыстарымен біріктіру. Ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін біздің басым міндетіміз – Қазақстанды бүкіл әлемге танытатын дарынды балет әртістерін дайындау, би және балет өнерінде Қазақстанның жаңа ұлттық брендін қалыптастыру. Сапалы білім берудің басты іргетасы Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы болып табылады. Академия студенттері Мәскеу және Санкт-Петербургтегі танымал балет мектептерінде өз шеберліктерін шыңдаған үздік қазақстандық хореограф-педагогтардан және шетелден шақыртылған хореографиялық өнердің майталмандарынан білім алады. Сондай-ақ, Академияның тәрбиеленушілері отандық, шетелдік театрлар сахнасында өнер көрсету, халықаралық фестивальдар мен конкурстарға қатысу мүмкіндіктеріне ие. Академияның келешек жоспары – оқу-шығармашылық процесті тұрақты дамыту, жоғары кәсіби кадрларды даярлау және Қазақстан өнерінің дамуы үшін әлемнің жетекші хореографиялық білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтастық орнату.

ЖОО галереясы