Оқу орындары

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Қала: Нұр-Сұлтан (елорда)

Вебсайт: https://kazatu.edu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 1001

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Қазіргі уақытта университетте 44 кафедра жұмыс істейді. Сегіз факультетте он мыңнан астам студент бакалавриаттың 37 мамандығы, магистратура 31 мамандық және PhD докторантура 9 мамандық бойынша оқытылады. Білім беру үдерісі 889 оқытушылармен жүргізілсе, олардың ішінде 83 ғылым докторы және 376 ғылым кандидаттары мен 18 РhD докторды құрайды. Профессорлы-оқытушылық құрамның ғылыми дәрежелілігі 53% құрайды. ҚАТУ миссиясы – өмір сүру сапасын жақсарту, еңбек өнімділігі мен АӨК пен Қазақстанның экономикасының басқа салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін озық білім енгізу, қолдану, ауқымдандыру және генерациялау. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың 2025 жылға дейінгі Стратегиясы Қазақстандағы ең үздік, халықаралық стандарт жүйесіне сәйкес бірегей оқу бағдарламасы мен академиялық ұтқырлық негізінде алдыңғы қатарлы ғылыми- педагогикалық кадрлар мен мамандар даярлауда оқу түрін, мазмұнын, деңгейі мен мерзімін таңдаудың кең мүмкіндігін ұсынатын жүйе құру болып табылады. ҚАТУ барлық кезеңде ұйымдармен- ғылыми әзірленімдердің тұтынушылары және түлектерге жұмыс берушілермен қарым-қатынасын бірлесіп алға қойған басым міндеттерден бастап, ғылыми нәтижелерді практикаға енгізгенге дейін барынша дамытады.

ЖОО галереясы