Оқу орындары

Қарағанды медицина университеті

Қала: Қарағанды

Вебсайт: https://qmu.edu.kz/kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://qmu.edu.kz/kz/education

QS Рейтингі: 0.0

THE Рейтингі: 0.0

ЖОО туралы

Біздің университет 1950 жылы құрылған, денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар дайындау бойынша Қазақстанның жетекші медициналық ЖОО болып табылады, білім беру, ғылыми және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету салаларында жоғары беделге ие. Университетте жоғары білікті оқытушылар, олардың ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Медицина ғылымдары академиясының, Әскери ғылымдар академиясының,ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ресей Жаратылыстану академиясының, Халықаралық ақпараттандыру акдемиясының, Еуразия халықаралық ғылымдар академиясының 22 академигі және корреспондент-мүшесі, 56 ғылым докторы, 31 PhD докторы, 169 ғылым кандидаты және 129 магистр дәрежесі бар маман сабақ береді. Білім беру және ғылыми зерттеулер сапасы жоғары деңгейдегі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі, олардың көбі интерактивті құралдармен жабдықталған дәрісханалары бар 7 оқу ғимараты, оқу залдары және электронды кітапхана залдары бар ғылыми кітапхана, жоғары технологиялық жаттығу құрылғылары мен манекендермен жабдықталған симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Ғылыми – зерттеу орталығы және ұжымдық пайдалану зертханасы, Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы, 6 жатақхана, 57 клиникалық база, Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерінде 476 кәсіби тәжірибеден өту базалары, Медицина университетінің клиникасы, стоматологиялық клиника, студенттік спорттық-сауықтыру лагерлері.

ЖОО галереясы