Оқу орындары

Алматы технологиялық университеті

Қала: Алматы

Вебсайт: https://atu.edu.kz/en/home/

Типі: Государственная

Басқару формасы: АО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 0.0

THE Рейтингі: 0.0

ЖОО туралы

Алматы технологиялық университеті (АТУ) білім беру нарығында 1957 жылдан бері жұмыс істеп келеді, университет құрылғаннан бері 50 000-нан астам түлек бітіріп шықты. Олар Қазақстан Республикасының барлық өңірінде және шет елдерде жұмыс істейді. Университет тағам, қайта өңдеу және жеңіл өнеркәсіп, инжиниринг және ақпараттық технологиялар, бизнес, қызмет көрсету және қонақжайлылық салалары үшін техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайды. Бүгінгі таңда университет – бұл "бакалавр – магистр-PhD Доктор" жоғары білім берудің жалпы әлемдік көп деңгейлі моделі бойынша жұмыс істейтін және Қазақстан жоғары оқу орындары сұранысының ұлттық рейтингісінде алдыңғы орындарға ие тұрақты дамып келе жатқан жоғары оқу орны және "QS Emerging Europe & Central Asia" рейтингі бойынша ТОП 200 жоғары оқу орнына кіреді, жаһандық білім беру кеңістігіне белсенді интеграциялануда және әлемде танымал болуда. АТУ әлемнің 120-дан астам университеттерімен шарттық қатынастарды сақтайды. Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының (IAU), Оксфорд Академиялық одағының, Халықаралық студенттер алмасу қауымдастығының (IAESTE), халықаралық Iseki-Food қауымдастығының (IFA), Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EAU), GIZ (халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының) жеке қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Қазіргі уақытта ЖОО-да 5 факультет, 19 кафедра жұмыс істейді, оның 14-і мамандандырылған, 3 ғылыми-зерттеу институты, 8 проблемалық ғылыми-зерттеу зертханалары бар, тағам және жеңіл өнеркәсіп және мейрамхана-қонақ үй бизнесі жөніндегі 3 технопарк. Мамандарды даярлау мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде бакалавриаттың 27, магистратураның 25 және PhD докторантураның 13 білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Университеттің профессор-оқытушылар құрамына — 50 - ғылым докторлары, 49 - PhD докторлары, 136 - ғылым кандидаттары, 170 - магистрлер. Профессор-оқытушылар құрамына 2 академик және ҚР ҰҒА 2 корреспондент-мүшесі, 12 академик және басқа академиялардың 2 корреспондент-мүшесі. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар профессор-оқытушылар құрамы - 55,0%. АТУ Г. В. Плеханов атындағы Ресей Экономикалық университетімен (РЭУ, Ресей), Туризм және қонақ үй менеджменті институты (HTMi, Швейцария) және Еуропалық дизайн институты (IED, Италия) бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Университет инфрақұрылымына 3 оқу корпусы, 5 жатақхана, студенттерге қызмет көрсету орталығы, үлкен және кіші акт залы, ғылыми кітапхана, қонақ үй кешені, 10 оқу-ғылыми орталық; тігін бұйымдары цехы; оқу-өндірістік мейрамхана, тамақтану комбинаты, спорт кешендері, медициналық пункт, типография кіреді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100 Байланыс орталығы: +7 (727) 221 88 08 +7 (707) 221 88 08 Email: info@atu.edu.kz Сайт: atu.edu.kz

ЖОО галереясы