Оқу орындары

Нархоз университеті

Қала: Алматы

Вебсайт: https://narxoz.edu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://narxoz.edu.kz/admission/specificity/bachelor/

QS Рейтингі: 0.0

THE Рейтингі: 0.0

ЖОО туралы

Нархоз Университетінің негізі 1963 жылы - ғаламат жоспарлар мен ауқымды реформалар, үлкен жетістіктер дәуірлеген тұста қаланды. Замана рухымен алға басқан университеттің прогресі серпінді болды - негізі қаланған күннен бүкілодақтық дәрежеге дейінгі танымалдылыққа жету үшін бар-жоғы бірнеше жыл жеткілікті болды. Нархоздың қалыптасу тарихы Қазақстанның жоғары экономикалық білім беру жүйесінің пайда болу және даму тарихымен сабақтас. Университет табысты экономистер мен қаржыгерлердің, менеджерлер мен бизнесмендердің бірнеше буынын тәрбиелеп, alma mater атанған рухани білім ошағы. Алғашқы күндерінен-ақ бедел мен танымалдылыққа ие болған ЖОО жарты ғасыр уақыт өтсе де, жұмыста жоғары стандарттарды ұстанып, жаңа ұлы жетістіктерге ұмтылады. Жаңа мыңжылдықта Нархоздың жаңа өмірі басталды. 2002 ж. Университетіміз акционерлік болу процедурасынан өтіп, қазақстандық ЖОО ішінде алдыңғылардың бірі болып стратегиялық жоспарлау құралдарымен қарулануды қабылдады. Басқарудағы бұл жаңа көзқарас үнемі өзгермелі нарық талаптарына тез әрі икемделе отырып бейімделу, қоршаған ортаның тегеуріндеріне жедел әсер етуге деген қажеттіліктен туды. Бүгінгі күні Нархоз университеті Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі ретінде белгілі, оның басты міндеті - жаңа буынның жоғары білікті мамандарын даярлау. Олардың білімдері мен дағдылары түлектер қауымдастығының кең қолдауымен және тиісті ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен бір қаланың, Қазақстан Республикасының, Орталық Азия аймағының немесе тұтас әлемнің экономикасын, бизнесін және қоғамын дамытуға көмектеседі.

ЖОО галереясы