Оқу орындары

Қазақ-Рессей медициналық университеті

Қала: Алматы

Вебсайт: https://krmu.edu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: on

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/accreditation/akkreditovannye-programmy-bakalavriata-1

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Қазақстан-Ресей медицина университеті – еліміздегі ең ірі жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі (мемлекеттік лицензия АБ 0026246), бес рет мемлекеттік аттестаттаудан өтті (1998, 2003, 2007, 2012, 2017 г.) және мемлекеттік үлгідегі диплом береді. ЖОО-ның білім беру бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандартына толық жауап береді. Бұл ретте университет базасында республикадағы жоғары медициналық білімді жетілдіруге бағытталған оқытудың жаңа нысандары мен әдістері табысты сынақтан өткізілді. Практикалық оқытулар арнайы клиникалық пәндер бойынша Алматы қаласының жетекші емдеу орындарында жүргізіледі. БІЗДІҢ ОҚУ-КЛИНИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫМЫЗ: Көз аурулары ҒЗИ Онкология және радиология ҒЗИ Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылым орталығы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және әлеуметтік даму сот сараптау орталығы, Алматы филиалы «Ақсай» Республикалық балалар клиникалық аурухана Қалалық № 7 аурухана И.Жекенов атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы Алматы қаласы жедел жәрдем ауруханасы Жедел жәрдем станциясы №16 қалалық емхана МКШК № 4 Перзентхана МКШК Қазақстан-Ресей медицина университеті алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен тығыз байланысты. Біздің серіктестеріміз сапында: А.Алмазов атындағы жүрек, эндокринология және қан Федеральды Орталығы (Россия)-«Nagasaki University»- Япония, «Балтық Халықаралық академия» – Латвия, Пятигорскі медико-фармацевтика институты, Волгоград мемлекеттік медицина университеті, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Россия Славян университеті, Омск мемлекттік медицина университеті, «KGV Enterprisetltd»- Индия, European Commission\Directorate-General Development and Cooperation – Europe Aid (DEVKO), Брюссель, Бельгия. Ана мен бала денсаулығын сақтау, регенеративті медицина, эпидемиология, генетика салалары бойынша ғылыми зерттеулер, бірлескен оқыту бағдарламалары мен ғылыми жобалар ұйымдастырылды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде интерндер мен резиденттер, үздіксіз білім беру, дәрігерлер мен оқытушылардың стажировкасын, онкология, эндокринология, реабилитология, педиатрия салаларына инновациялық технологияларды енгізу жүзеге асырылады. ҚазРесмедуниверситетте-20-дан астам студенттік клубтар мен ұйымдар бар. Олардың қатарында зияткерлік клубтар, спорттық командалар, қайырымдылық ұйымдары мен үйірмелер бар. Университет қабырғасында жастарсаясаты орталығы (әрі қарай ЖСО жұмыс істейді. қатысушылары әр түрлі курс студенттері. ЖСО студенттік іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады және студенттік өмірге жетекшілік етеді.

ЖОО галереясы