Оқу орындары

"Тұран-Астана" университеті

Қала: Нұр-Сұлтан (елорда)

Вебсайт: https://tau-edu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: АО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://tau-edu.kz/faculty/bakalavriat

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Turan-Astana University икемділік пен академиялық еркіндікке мүмкіндік беретін білім берудің кредиттік технологиясын алғаш енгізген. Факультеттерде оқыту күндізгі және сырттай оқыту түрінде жүзеге асырылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқудың бірінші жылынан бастап студенттерге элективті пәндерді тыңдау мүмкіндігі беріледі. Барлық студенттер Интернет желісіне тегін қол жеткізе алады. Жыл сайын университет еліміздің білім беру саласында өткізілетін түрлі рейтингтеріне белсене қатысады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігі (IQAA) өткізген үздік гуманитарлық және экономикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша Turan-Astana University 2011 жылы еліміздің гуманитарлық және экономикалық жоғары оқу орындарының арасында 14-орын, ал 2012 жылы - 12 орын, 2013 жылы - 12 орындарына ие болды. 2013 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарының жалпы рейтингісінің қорытындысы бойынша «Тұран-Астана» университеті Қазақстанның 60 үздік университеттерінің қатарына енді. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі орталығы рейтингісінің қорытындысы бойынша университетіміздің 10 бакалавриат және 8 магистратура мамандығы басқа жоғары оқу орындарының ұқсас мамандықтары арасында үздік ондыққа енді. Жыл сайын университет Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің аккредитациялық және арнайы тексерулердің барлық түрлерінен өтеді - бұл білім беру қызметінің жоғары сапасын көрсетеді.

ЖОО галереясы