Оқу орындары

Торайғыров университеті

Қала: Павлодар

Вебсайт: https://tou.edu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://tou.edu.kz/en/component/abitur?view=bach

QS Рейтингі: 1201

THE Рейтингі: 0.0

ЖОО туралы

Toraighyrov university 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1960 жылы мамыр айында Павлодар Индустриалды институты (ПИИ) негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери училищенің екі казармасы мен 10 бір қабатты барактарында орналасты.Үш факультетте - машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетика факультеттерінде 400 студент оқыды. Дәрісті 16 оқытушы жүргізді, олардың тек біреуі ғана доцент ғылыми атағына ие болды. Toraighyrov university Павлодар облысындағы оқу орындары арасында білім алушылар саны бойынша да, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы бойынша да даусыз көшбасшы болып табылады. Жоғары оқу орны бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 150 мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағыттағы жоғары кәсіптік білім беретін мамандарды дайындайды. Университетте ғылыми-зерттеу жұмысы 28 кафедра мен 5 ғылыми-практикалық орталықтарда, "Ертіс" ғылыми-технологиялық паркінде, өңірлік инновациялар және технологиялар трансферті орталығында, студенттік ғылыми орталық базасында жүргізіледі. Университетте дуальды оқыту белсенді жүзеге асырылуда, бұл кәсіпорын қызметкерлерінің өздері жүргізетін практикалық және зертханалық сабақтарды өндіріске аударуға мүмкіндік береді. Әріптестер арасында Қазмұнайгаз, «ERG» тобы, Мұнай-химия және ферроқорытпа зауыттары, Электролиз және алюминий зауыттары, сондай-ақ «Победа» және «Пахарь» атты ірі аграрлық кәсіпорандары бар. Жыл сайынғы жалпы рейтингке сәйкес, Toraighyrov university Қазақстанның үздік көпсалалы университеттері арасындағы көшбасшылардың бестігіне кіреді, 2020 жылы университет QS 1000+ әлемдік рейтингіне кірді. Toraighyrov university – әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Toraighyrov university жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: энергетика және энергоүнемдеуші технологиялар, құрылыс, машинажасау, педагогика, психология облысындағы зерттеулер, экологиялық мониторинг, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аймақтың экономикалық мәселелері, кадр дайындау мен жоғары мектептің әлеуметтік лингвистикалық және лингвомәдениеттік мәселерін зерттеу.

ЖОО галереясы