Оқу орындары

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет

Қала: Алматы

Вебсайт: https://abaiuniversity.edu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 551

THE Рейтингі: 801

ЖОО туралы

1928 жылы негізі қаланған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны. Абай университетінің басты міндеті – жаңа формациядағы, бәсекеге қабілетті, озық ойлы, өзіне және қоғамға шығармашылық, сындарлы көзқарасы бар педагогикалық кадрларды сапалы даярлау. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы ең ірі педагогикалық университет құрамында бакалавриат бойынша 95, магистратура бойынша 79 және докторантура бойынша 43 білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайтын жеті институт бар. Абай университеті Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) мен Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) ұлттық рейтингтерінде «Педагогика ғылымдары» бағыты бойынша бірінші орында. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы – 827 мектеп және 231 университет оқулығының, 339 оқу құралының авторлары. Абай университеті – соңғы 5 жылда педагогикалық жоғары оқу орындары арасында Web of Science Core Collection жарияланымдары бойынша көш бастап тұр. Өзінің озық дәстүрлеріне сүйене отырып, университет заманауи білім беру қажеттіліктерін болжайтын, соңғы салалық технологияларды, озық әдістерді, ұлттық мұраны және әлемдік тәжірибені белсенді түрде қолданатын педагогтарды даярлайды. Абай университеті – Алматы қаласы мен жалпы еліміздің білім беру саласының нақты мәселелерін шешуге бағытталған, педагог мамандығының беделін арттыратын және Қазақстанның ғылыми-педагогикалық элитасын қалыптастыра отырып, адами капиталды дамытудың драйвері ретінде әрекет ететін белсенді университет. Магистранттар мен докторанттарға, жас ғалымдарға ғылыми жұмыспен айналысуға және тиісті ғылыми жобаларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер жасалған. Оған дәлел – олардың көпшілігі түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен грант иегерлері. Абай университетінде түлектердің жұмысқа орналасуы жоғары – 95%, олардың барлығы дерлік өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.

ЖОО галереясы