Әлихан Бөкейхан Университеті
Қала: Семей
Вебсайт: https://abu.edu.kz
Типі: Государственная
Басқару формасы: on
Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program
QS Рейтингі: 0
THE Рейтингі: 0
ЖОО туралы
Университет тарихы 1998 жылдан басталады. 2021 жылы Университет басшылығының 26.08.2021 жылғы шешімі негізінде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «Alikhan Bokeikhan University» ББМ болып қайта аталды. 2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Alikhan Bokeikhan University» ББМ ретінде қайта тіркелуі туралы куәлігі берілді . Университеттің миссиясы: жұмысқа орналастыруға ықпал ететін кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған сапалы академиялық бағдарламаларды ұсыну арқылы аймақтың білім беру, зерттеу, әлеуметтік-мәдени дамуына оң үлес қосу. Келешегі: Өңірдің экономикалық дамуына ықпал ететін, еңбекке орналасу мүмкіндіктерін арттыруға алғышарт жасайтын қоғам мойындаған кәсіби қауымдастық- әлеуметтік жауапкершілікті университет. Университеттің басты стратегиялық мақсаты Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен интеграция жағдайында жағдайына бейімделген бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді даярлау. Alikhan Bokeikhan University (бұдан әрі- университет) - бакалавриаттың 32 білім беру бағдарламасы, магистратураның 20 білім беру бағдарламасы, PhD-докторантураның 6 білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік білім беру гранттары бойынша және шарт негізінде даярлауды қамтамасыз ететін өңірдегі көп бейінді оқу орны болып табылады. Университетте 3 факультет (заң, гуманитарлық, ақпараттық технологиялар және экономика) және 9 кафедра бар. Белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, студенттердің жеке тұлғалық өсуі мен өзін-өзі көрсетуі үшін 8 студенттік ұйым жұмыс істейді: "Үркер" шығармашылық тобы, "Жас отан" жастар қанаты, "ABU Студенттер Альянсы", "Жас Заңгерлер Достастығы" қоғамдық қоры, " ABU КТК Одағы", "Асыл Арна" дебат клубы, "Ақ ниет" қайырымдылық ұйымы, "Enactus ABU"командасы. Университеттің 11 корпуста орналасқан, жалпы ауданы 22363,7шм заманауи оқу-материалдық базасы бар. Университетте жақсы жабдықталған тұрмысқа қолайлы "Студенттер үйі" бар.