
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Қала: Ақтау
Вебсайт: https://yu.edu.kz/
Типі: Государственная
Басқару формасы: НАО
Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/
QS Рейтингі: 0
THE Рейтингі: 0
ЖОО туралы
Білім беру саясаты Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ның бірі – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov university) белсенді түрде іске асырылады. Еліміздегі білім беру саласын дамыту және жаңғырту бойынша прогрессивтік реформалар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының кеңейтілуіне де, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік әлеуетінің жетілдіруіне де қатысты ірі өзгерістердің платформасы болып табылады. Бүгінгі таңда университетіміз – мемлекеттік аттестациялау мен аккредитациялаудан өткен заманауи ірі университет. Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov university) – аймағымыздағы білім мен тәрбие берудің, ғылым мен мәдениеттің басты орталығы. Университетте мұнайгаз өнеркәсібі, жол көлігі, машинажасау салалары үшін, сондай-ақ педагогика, құқықтану, экономика, ақпараттық жүйелер, стандарттау, қаржы, геология, экология, жылуэнергетика, құрылыс мамандарын дайындау іске асырылады.