Оқу орындары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет

Қала: Алматы

Вебсайт: https://www.kaznu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: http://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 175

THE Рейтингі: 1201

ЖОО туралы

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті сіздерге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен болып табылады. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк жұмыс істейді; 2 мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық ҚР Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары, 47 Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендиаттары жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмыс берушілермен және халықаралық серіктестермен келісілетін бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 640-тан астам білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Университет базасында даярлаудың 9 бағыты бойынша Республикалық оқуәдістемелік кеңестің Оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді. 2020 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерін бакалавриат бойынша жұмысқа орналастыру - 90%-ды құрады, ал магистратура бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші - 93%-ға, ал докторантура бойынша-100%-ға жетті. Бұл жоғары бәсекеге қабілеттілікті және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру түлектерінің еңбек нарығында қажеттілігін көрсетеді. Университетте жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Біз бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтамыз. Университет жақын және алыс шетел білім алушылары үшін білім беру қызметтерін экспорттау орталығына айналуда. Шетелдік білім алушылар контингенті 70 есе өсті: 2016 жылғы 33-тен 2021 жылы 2400-ге дейін. Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы ұжымдық қолданыстағы 2 ғылыми зертхананы, 8 аккредиттелген зертхананы, Ғылымитехнологиялық паркті, коммерцияландыру офисін, бизнес-инкубаторды, стартап-компанияларды және шағын инновациялық кәсіпорындарды қамтиды.

ЖОО галереясы