Оқу орындары

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Қала: Қарағанды

Вебсайт: https://buketov.edu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://buketov.edu.kz/en/page/educational-projects

QS Рейтингі: 127

THE Рейтингі: 127

ЖОО туралы

Қарағанды университеті жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам болып табылады. Университетті басқаруды Жалғыз акционер (ҚР БҒМ), Директорлар кеңесі, Басқарма жүзеге асырады. Басқарма төрағасы – университет ректоры заң ғылымдарының докторы, профессор Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы болып табылады. Университеттің миссиясы – құндылықтарды сақтау, білімді тарату, үздік білім беру тәжірибелері мен зерттеу бағдарламалары негізінде кадрлар даярлау үшін инновациялық тәсілдерді енгізу. Университетті Еуропалық EQAR жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің тізіліміне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №1 Ұлттық Тізіліміне кіретін Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік аккредиттеген. Университет Ұлттық аккредиттеу агенттіктері – БСҚТА мен АРТА тұжырымы бойынша отандық білім беру көшбасшыларының бестігіне кіреді. Университет бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторларын дайындайды. Университете диссертациялық кеңестер жұмыс істейді. Білім беру және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шетелдік және отандық агенттіктер, шетел елшіліктері, бейінді білім беру қауымдастықтары, университеттер мен колледждер бірлескен гранттық жобаларды іске асыруда университеттің серіктестері болып табылады.

ЖОО галереясы