Оқу орындары

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Қала: Алматы

Вебсайт: https://www.conservatoire.edu.kz/kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://studyinkazakhstan.edu.kz/kz/validate/uni

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы алғаш 1944 жылы Мемлекеттік өнер институты ретінде жұмыс жасай бастады. 1945 жылы консерваторияға ХIX ғасырда ғұмыр кешкен, асқақ күйімен қазақ даласын дүбірлетіп өткен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы бойынша Ұлттық мәртебесіне ие болды. Консерваторияда білім беру музыкатану, композиторлар, классикалық және ұлттық музыкалық аспаптарда орындаушылар, вокалистер, дирижерлер және басқа да профильдердегі кәсіби музыканттарды дайындаудың үшдеңгейлі (бакалавриат-магистратура-докторантура), 33 түрлі оқу бағдарламасына негізделген. Құрылғалы бері үздіксіз дамып, кәсіби музыканттарды даярлау ісін жоғары деңгейде жүзеге асырып келе жатқан қарашаңырақ талай саңлақтарды тәрбиелеп шығарды. Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев, Сыдық Мұхамеджанов, Құддыс Қожамияров, Ғазиза Жұбанова, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Еркеғали Рахмадиев сынды даңқты есімдерден тұратын еліміздегі кәсіби композиторлық мектептің негізін қалаған да Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы. Консерваторияны бүгінгідей беделді өнер ордасына айналдырып, әр түлеп ұшқан студенттің өнердегі жолын ашқан білікті басшылар: Иван Васильевич Круглыхин, Ахмет Қуанұлы Жұбанов, Құддыс Қожамиярұлы Қожамияров, Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев, Ғазиза Ахметқызы Жұбанова, Дүйсен Құрабайұлы Қасейінов, Жәния Яхияқызы Әубәкірова және Арман Әділханұлы Жүдебаев. 2018 жылдың маусымында ҚР Президентінің жарлығымен консерватория ректоры болып дарынды күйші, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы тағайындалды. Жаңа басшы келгелі бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен бірқатар шетелдік білім ордалары арасында ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылып, білім ордасы Еуропа консерваториялары қауымдастығына мүшелікке қабылданды. Консерваторияның студенттері, магистранттары және докторанттары академиялық ұтқырлық және басқа да бағдарламалар бойынша шетелдік білім ошақтарында біліктілігі мен тәжірибелерін арттырып жүр.

ЖОО галереясы