Оқу орындары

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Қала: Орал

Вебсайт: https://wkitu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: on

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Қазақстанның батыс өңірі үшін білім беру, қызмет көрсету, бизнес, инженерия, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда кадрлар даярлаудың көп жылдық тәжірибесі бар көп салалы жоғары оқу орны. Университет білім беру қызметін жүзеге асырудың 20 жылдық шегінен өтті. Жоғары оқу орны қызмет еткен жылдары ішінде Сенат пен Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалардың басшылары мен мамандары бар 35 мыңнан астам маман даярлады. Қазіргі уақытта БҚИТУ 9 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда, оның ішінде Ресей Федерациясы, Түркменстан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан. Факультеттердің құрамында 59 білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайтын 12 кафедра бар. Университетте 7 оқу корпусы, ветеринарлық клиника, виварий, 1 студенттік жатақхана, 3 үлгідегі спорт залы және 2 қосалқы зал бар. Тұрақты негізде түлектердің жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізіледі, ЗТМО деректері бойынша жұмыспен қамту көрсеткіштерін есептеу нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасу пайызы жыл сайын орташа есеппен 80% -дан астамды құрайды, бұл біздің түлектердің еңбек нарығында қажеттілігін куәландырады және жоғары оқу орнының имиджін арттыруға ықпал етеді. Университеттің білім беру аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін растау рейтингтерге қатысу болып табылады. ҚР жоғары оқу орындарына деген сұраныстың Ұлттық рейтингінде – 2020 жылы Қазақстан Республикасының 89 ЖОО арасында лайықты 14 орынды иеленді. Университетте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, «Білім беру ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін», «А. Байтұрсынов атындағы» -төсбелгілердің иегерлері және спорт шеберлері қызмет атқаруда. БҚИТУ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытып, Әзірбайжан, Польша, Италия, АҚШ, Израиль, Түркия, РФ және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Университетте Жас ғалымдар кеңесі, ғылыми студенттік қоғамдар, студенттік үйірмелер жұмыс істейді. ЖОО «БҚИТУ Хабаршысы» ғылыми басылымын шығарады. Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік журналдарда ПОҚ жариялау белсенділігінің өсуі байқалады. БҚИТУ-да Түлектер қауымдастығы, Жұмыс берушілер кеңесі, студенттік өзін-өзі басқару, жастар ұйымдары құрылды. Студенттерді «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша СПО-ға маусымдық жұмысқа орналастыру қамтамасыз етіледі.

ЖОО галереясы