Оқу орындары

Рудный индустриялық институты

Қала: Рудный

Вебсайт: https://www.rii.edu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://univer.rii.kz/

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Рудный индустриалдық институты Техникалық ғылымдар саласындағы инфрақұрылымы дамыған заманауи ғылыми-білім беру кешені болып табылады. Институт құрылымында-3 факультет (тау-кен металлургия факультеті, энергетика және ақпараттық жүйелер факультеті, экономика және құрылыс факультеті), 6 кафедра бар. Студенттерді оқыту бакалавриаттың 16 білім беру бағдарламасы бойынша, магистратураның 3 білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім негізінде жүргізіледі. Осы жылдар ішінде Рудный индустриалдық институтының қабырғасында жоғары білімді 25 мыңнан астам маман даярланды, олардың көбі ірі басшылар, бизнесмендер, мемлекеттік қызметшілер және көрнекті ғалымдар болды. РИИ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы 112 адамды құрайды, оның ішінде 4 ғылым докторы, 32 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 31 магистр. Университетте барлығы 1504 студент білім алуда. Шетелдік студенттердің саны 98 адамды құрайды (Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Германия азаматтары). РИИ шетел университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты 57-ден астам халықаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілуде, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылуда. «Электр энергетикасы», «Жылуэнергетика», «Автоматтандыру және басқару» көптілді білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

ЖОО галереясы