QS рейтингіндегі қазақстандық жоғары оқу орындары

QS World University Rankings - Quacquarelli Symonds (QS) британдық компанияның бағалауы бойынша жыл сайынғы өткізілетін ғаламдық зерттеу және әлемдік маңызы бар үздік университеттердің жыл сайынғы рейтингі.

Осы рейтингтің аясында әлемнің 20 мыңнан астам университеті бағаланады. Рейтинг құрамына кіру үшін университеттер жыл сайын арнайы белгіленген форматта ауқымды көлемде ақпарат ұсынады.

Университеттер алты көрсеткіш бойынша бағаланады: зерттеу, оқытушылық, жұмыс берушілердің пікірлері мен мансаптық әлеуеті, шетелдік студенттер мен оқытушылардың саны. Рейтингке қатысу үшін университет бакалавриат және аспирантура бағдарламаларын кем дегенде екі кең пәндер бойынша ұсынуы керек (мысалы, өнер және әлеуметтік ғылымдар, инженерлік-технологиялық, құқық және бизнес).

Ағымдағы жылда компания QS World University Rankings 2021 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке бұл жылы 10 қазақстандық жоғары оқу орындары кірді.

Ең жоғары нәтижені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 165 орынға көтеріліп, және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 357 орынға көтеріліп көрсетті . М.Әуезов атындағы ОҚМУ үшінші жыл қатарынан өз орнын ұстап, жаңа рейтингте бір сатыға көтерілді. Биылғы жылы рейтингке кіріп, 751+ орынға ие болған КИМЭП университетін де атап өткен жөн. Осы жылы ТОП-600 құрамына Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен ҚазҰАУ кірді.

Шетелдік университеттер жайлы айтар болсақ, үздік үштікте Massachusetts Institute of Technology, Stanford University және Harvard University өзгеріссіз қалды.

Соңғы жаңалықтар