Оқу орындары

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

Қала: Алматы

Вебсайт: https://aues.edu.kz/ru

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті — энергетика, телекоммуникация, IT-технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, ғарыштық инженерия, робототехника және жасанды интеллект салаларында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын Орталық Азиядағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 2013 жылы әзірге екі мамандық бойынша ағылшын тілінде оқыту басталды: «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және «Электр энергетикасы». МИССИЯСЫ. Әлемдік интеграция мен жаһандану жағдайларына бейімделген, елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін ұлттық білім экономикасының үздік зияткерлік ресурстарын және ең озық технологияларды қалыптастыру. ПАЙЫМДАУЫ. 2025 жылға қарай АЭжБУ - Орталық Азиядағы энергетика, телекоммуникация, ақпараттық және аэроғарыштық технологиялар саласындағы озық зерттеу университеті. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде басқа қалалардан келген студенттер жатақханадан орынмен қамтамасыз етілген. Университетте 1600-ден астам адамға арналған 3 жатақхана бар. Бөлмелер 2-4 адамға арналған. Университеттің спорттық базасында 5 жабық зал бар. «А» оқу корпусында аэробика залы 54м2, жеңіл атлетика залы 72м2, күрес залы 72м2, волейбол және баскетбол залы 112м2, теннис залы 280м2, ерлер мен әйелдерге арналған душ және киім ауыстыратын бөлмелер бар. Университет аумағында футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар ашық спорт алаңы, спорт алаңының айналасында жүгіру жолы бар. Студенттер үшін кітапханада 6 кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету пункті – абонемент, үш мамандандырылған оқу залы, «Медиатека» электронды ресурстар залы және №1 жатақханада мектептен тыс жұмыстарға арналған оқу залы бар.

ЖОО галереясы