Оқу орындары

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Қала: Өскемен

Вебсайт: https://www.vku.edu.kz/ru

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/

QS Рейтингі: 0.0

THE Рейтингі: 0.0

ЖОО туралы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті-тарихы 1952 жылдан бастау алатын танымал білім, ғылым және мәдениет орталығы. Университет Қазақстан Республикасының 130 көпсалалы жоғары оқу орындарының арасында 6-шы орынға ие. Университет құрылымы: 4 жоғары мектеп (Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі; IT және табиғи технологиялар жоғары мектебі; Бизнес және құқық жоғары мектебі; Педагогика жоғары мектебі) және 14 кафедрадан тұрады. 4 жоғары мектепте студенттер 59 бакалавриат, 39 магистратура және 12 докторантура бағдарламалары бойынша білім алуда. Университет бакалавриатта және магистратурада білім беру қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады: білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар және экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар, көрсетілетін қызметтер. Университетте 8 заманауи оқу корпустары, бейінді оқу кабинеттері бар. Университетте ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертхана бар, оған өсімдіктердің физика-химиялық зерттеулері, биологиясы және биотехнологиясы, цифрлық технологиялар және модельдеу зертханалары, инновациялық технологиялардың ғылыми-өндірістік зертханасы кіреді.

ЖОО галереясы