Оқу орындары

Қазақстан-Неміс Университеті

Қала: Алматы

Вебсайт: https://dku.kz/

Типі: Частная

Басқару формасы: УО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Қазақстан-Неміс Университеті 1999 жылы «Білім беру саласындағы Қазақстан-Неміс ынтымақтастығы» қоғамдық қорының жеке бастамасымен неміс стандарты бойынша мамандарды даярлау мақсатында құрылды. Бүгінгі күнге дейін DKU Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз неміс жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің 2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ Германия Академиялық алмасу қызметінің аттестациясынан табысты өтуі ҚНУ-дың білім сапасының жоғары екендігін көрсетеді. Осы уақытта неміс оқу бағдарламалары бойынша оқытуға ҚР БжҒМ арнайы рұқсатын алдық. Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) 2007 жылдан бастап әр түрлі жобаларды қаржылық қолдауды Германияның Академиялық алмасу қызметі (DAAD) мен Германия Сыртқы істер министрлігінен (АА) алады. Жоба мақсаты – DKU-дың дамуына қолдау көрсету және университеттің Германиядағы серіктестерімен ынтымақтастығын нығайту. Қазақстан-Неміс Университетінде білімді үш факультетте алуға болады: «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар», «Әлемдік саясат» сонымен қатар, «Экономика және кәсіпкерлік». Неміс, ағылшын, қазақ тілдерін үйрену DKU-дың оқу бағдарламаларының міндетті құрауышы болып табылады. Үшінші курсқа дейін студенттер Германиядан келген профессорлар мен доценттер жүргізетін сабақтарға керекті, ал төртінші курсқа — «Қос диплом» бағдарламасына қатысуға қажетті тілдік деңгейді меңгереді. Тілдерді үйрену тиімді болуы үшін DKU-да Тілдік дайындық және сертификаттау институты жұмыс істейді. Біздің студенттер үшін «Қол диплом» бағдарламасы аясында Германияда бір жыл оқу мүмкіндігі қарастырылған. Бағдарлама аяқталғаннан кейін түлек қазақстандық және неміс үлгісіндегі екі диплом алады. Бағдарламаға қатысу үшін неміс тілін жақсы білу мен барлық пәндер бойынша үлгерімі жоғары болуы тиіс. «Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орындары: • University of Applied Sciences Hamburg — «Энергетикалық және экологиялық техника» (ВА) білім беру бағдарламасы бойынша DKU серіктесі; • University of Applied Sciences Mittweida — «Кәсіпорындар менеджменті» (ВА) білім беру бағдарламасы бойынша DKU серіктесі; • University of Applied Sciences Schmalkalden — «Экономикадағы ақпараттық инжиниринг» (ВА) білім беру бағдарламасы бойынша DKU серіктесі; • Technical University of Applied Sciences Wildau — «Көлік логистикасы», «Өндірістік логистика», (ВА) мен «Телематика» (ВА) білім беру бағдарламалары бойынша DKU серіктесі; • University of Applied Science Zittau/Görlitz — «Маркетинг» (ВА) пен «Қаржы» (ВА) білім беру бағдарламалары бойынша DKU серіктесі; • Rhine-Waal University of Applied Sciences — «Халықаралық қатынастар» (ВА) білім беру бағдарламасы бойынша DKU серіктесі.

ЖОО галереясы