Оқу орындары

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Қала: Тараз

Вебсайт: https://dulaty.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: http://esuvo.platonus.kz

QS Рейтингі: 0.0

THE Рейтингі: 0.0

ЖОО туралы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті - техникалық, педагогикалық, жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы білім беру бағдарламаларының, ғылыми-зерттеу жобаларының кең спектрімен инновациялды академиялық, әлеуметтік және зерттеу қызметін жүзеге асыратын университет. Дулати университетіндегі білім беру қызметі ҚР БҒМ ББ тізіліміне енгізілген 251 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Оның ішінде 139 ББ бакалавриат бойынша, 97 ББ магистратура бойынша және 15 ББ докторантура бойынша. Университет құрамында 2 институт, 5 факультет және 51 кафедра, оның ішінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы және әскери кафедра бар. Сапаны қамтамасыз ету үшін АРТА және БСҚА агенттіктерінде ұлттық деңгейде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті; 117 білім беру бағдарламасы аккредиттелді. Соңғы бес жыл ішінде университет 23000-нан астам маман дайындады.Бітірушілерді даярлау сапасы және олардың еңбек нарығында қажеттілігі жұмысқа орналастырудың жоғары көрсеткіштерімен айқындалады. Жалпы, 2015-2020 жылдар аралығында орта есеппен түлектердің 77%-ы жұмысқа орналастырылды. Дулати университеті Люблин политехникалық университетімен (Польша), Алтай мемлекеттік университетімен (Ресей) және Браганс политехникалық институтымен (Португалия), Щадрин мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей) бірлескен бакалавр және магистрлік білім беру бағдарламаларын табысты жүзеге асыруда. «Коммуникацияларды басқарудың автоматтандырылған жүйелері», «Байланыстың оптикалық талшықты жүйелері», «Экология, геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» мамандықтары бойынша магистрлердің алғашқы түлектері шықты. Университет жетістіктерінің бірі «Биотехнология», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Биология», «Информатика», «Өмір сүру қауіпсіздігі»білім беру бағдарламалары бойынша Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірісі университетімен (Ресей) бакалавриат мамандықтары бойынша бірнеше негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын бір мезгілде игеру жөніндегі жобаны іске асыру болып табылады. Швебиш Гмюнд (Германия) педагогикалық университетімен, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен, Ұлы Витаутас атындағы Литва университетімен, Лодзин университетімен (Польша), Қарабүк университетімен (Түркия) және т. б. стратегиялық серіктестік, желілік қарым-қатынас және академиялық ұтқырлық дамыған.

ЖОО галереясы