Оқу орындары

ҚДСЖМ Қазақстандық медициналық университеті

Қала: Алматы

Вебсайт: https://ksph.edu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: ТОО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://edo.ksph.kz:9090/

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

ҚДСЖМ ҚМУ – ТМД елдері аумағындағы осындай бейіндегі алғашқы институттардың бірі болып табылады және осы таңда Қазақстан және Орта Азияның мемлекеттік шенеуніктеріне, денсаулық сақтау саласындағы бірінші буын мамандарына, барлық деңгейдегі медициналық ұйым басшыларына жаңа білім, ой-пікір және тәжірибелік дағдылар ұсыну аясында көшбасшы болып, сол ретте қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылым мен білім аясында алдыңғы орындарды нық ұстап тұр. ҚДСЖМ ҚМУ саланың дамуын, халықаралық тәжірибе мен тенденцияларды ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті бағыттар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және қосымша кәсіби білім беретін денсаулық сақтау саласындағы дербес университет болып табылады. ҚДСЖМ ҚМУ 22 келісімшарттың негізінде 12 елдің университеттерімен (АҚШ, Оңтүстік Корея, Үндістан, Италия, Израиль, Литва, Малайзия, Финляндия, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан), ғылыми ұйымдармен, елшіліктермен және ғылыми және Еуропа, Азия және Америка елдерінің білім беру қорларымен серіктестік қарым-қатынаста. ҚДСЖМ ҚМУ педагогикалық кадрларды іріктеуге, оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көбірек көңіл бөледі. Кафедраларда (клиникалық және теориялық профильдер) 62 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде ғылыми дәрежесі бар: 17 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 22 ғылым кандидаты және 20 магистр. Бұл ретте, разрядталған оқытушылар құрамы 40 жастан асқан адамдар екенін айта кеткен жөн.

ЖОО галереясы