Оқу орындары

Астана АТ Университеті

Қала: Нұр-Сұлтан (елорда)

Вебсайт: https://astanait.edu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: ТОО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: http://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 0.0

THE Рейтингі: 0.0

ЖОО туралы

Astana IT University-еліміздің талантты жастары үшін Қазақстанның үздік түлектері таңдап алатын жоғары оқу орны. Университет биылдан бастап мәлімделген дайындық бағыттары мен білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде мемлекеттік білім беру гранттарын жеңіп, жалпы конкурс арқылы оқуға түсуге болатындығын хабарлауға қуанышты. Бұл талапкерлерге Astana IT University инновациялық бағдарламаларына түсу мүмкіндігін едәуір арттыруға және Қазақстанның цифрлық тарихының бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Биылғы жылы ЖОО талапкерлерді тек ҰБТ балдары бойынша ғана емес, сонымен қатар aitu Excellence Test түсу емтиханының нәтижелері бойынша да қабылдайды, ол ағылшын тілінің деңгейін, сондай-ақ компьютерлік ғылымдар мен логиканы білуді айқындайды. AITU Excellence Test университет базасында және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша Ustudy орталықтарында маусым, шілде және тамыз айларында өткізіледі. Бұл емтиханды 2021 жылғы 2500-ден астам дарынды түлектер тапсырды. Университет үш жыл бойы 1800-ден астам студент білім алатын Computer Science, Software Engineering, Big Data Analysis, Media Technologies, Industrial Automation, Cyber security, Telecommunication Systems, IT-management және Digital Journalism бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде IT-мамандарды даярлайды. Бұл ретте оқыту АТ-компаниялардың практикалық міндеттерін ескере отырып, жобалық тәсілдің озық әдістері мен технологиялары негізінде іске асырылады. 2021 жылдан бастап Smart Technologies және IT Entrepreneurship жаңа бағдарламаларына қабылдау басталады, олар 5g және IoT-инфрақұрылымды қоса алғанда, Smart-жүйелерді жобалауға және басқаруға, сондай-ақ IT-компанияларды ашу және бизнес-әкімшілендіру бойынша қазіргі заманғы тұрақты кәсіпкерлік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

ЖОО галереясы