Оқу орындары

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Қала: Жезқазған

Вебсайт: https://www.zhezu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: АО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – Жезқазған-Ұлытау аймағындағы жалғыз көпсалалы жоғары оқу орны. Сондықтан, университеттің басты міндеті – осы аймақты кадрмен және ғылыммен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, аймағымыздың тау-кен өнеркәсібі Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының басым бағыты болып есептелінеді. Университеттің миссиясы – аймағымыз бен мемлекетіміздің инновациялық әлеуетін қалыптастыратын және нығайтатын кәсіби құзіретті түлектерді даярлау. ЖезУ құрамында екі - гуманитарлық-педагогтік және тау-кен технологиясы институттары бар. Биыл 2021 жылы Гуманитарлық-педагогтік және Тау-кен технология институттары біріктірілді. ЖезУ-де 27 білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мен магистрлер даярланады. Соңғы 5 жыл ішінде ЖезУ халықаралық ұйымдармен және бағдарламалармен жан-жақты ынтымақтастық орнатты: «Senior Experten Service» (Германия); «Мевлана»; «Erasmus+»; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын білім беру ұтқырлығы бағдарламалары. Бүгінгі таңда Жезқазған университеті Түркия, Латвия, Литва, Италия, Греция, Финляндия, Испания және Ресей, Қырғызстан сияқты әлемнің жетекші елдерінің 30-ға жуық халықаралық жоғарғы оқу орындарымен және ұйымдарымен ынтымақтастықта. ЖезУ студенттері мен оқытушылары Түркия, Латвия, Литва, Италия, Болгария, Украина, Ресей және Қырғызстан елдерінің жетекші университеттерінде халықаралық академиялық ұтқырлықтан ӛтеді. ЖезУ Жезқазған аумағының ғылыми орталығы болып табылады және университеттің зерттеушілер тобы Түркия мен Ресейдің машина жасау саласында жетекші ғалымдарымен ынтымақтастық туралы келісім жасасып, халықаралық деңгейге жетті.

ЖОО галереясы