Оқу орындары

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Қала: Шымкент

Вебсайт: https://okmpu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – жоғары білімнің барлық деңгейлері – бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті маман-оқытушылар дайындайтын Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі бірегей жоғары оқу орны. 1937 жылдың 19 наурызында Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен Шымкентте Мұғалімдер институты ретінде ашылған. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы №722 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта ашылды. Ал 2017 жылдың 17 қарашасында ҚР Үкіметінің №753 Қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына университет мәртебесі берілді. Бүгінде университеттің 6 факультеті (Тарих және педагогика факультеті, Жаратылыстану факультеті, Физика-математика факультеті, Филология факультеті, Өнер және білім факультеті, Дене шынықтыру және спорт факультеті) гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары, филология, спорт және өнер саласындағы 34 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. Сонымен қатар, Еуропа мен Орталық Азияның жетекші университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып, профессорлар мен студенттердің өзара академиялық алмасуын жүзеге асырады. Университетте жоғары білікті профессорлар, халықаралық стипендия иегерлері мен масштабты халықаралық жобалардың жетекшілері дәріс оқиды. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің IAAR - “ҚР Жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингі – 2021” рейтингісінің 2020-2021 оқу жылындағы нәтижесінде ОҚМПУ Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының «ТОП-20» Ұлттық рейтингінде 9-орынға ие болды. Бакалавриат білім беру бағдарламалары салалары бойынша ҚР ЖОО-ның институционалдық Рейтингінде (2021) 3-орынға ие болса, докторантура білім беру бағдарламалары бойынша аталмыш рейтингте 8-орынға ие болды (2021). Университеттің миссиясы – білім саласындағы озық тәжірибелер негізінде адами капитал сапасын арттыру. Стратегиялық мақсаты – жаңа форматтағы білім беру және ғылым хабына айналу.

ЖОО галереясы