Оқу орындары

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Қала: Атырау

Вебсайт: https://asu.edu.kz/

Типі: Государственная

Басқару формасы: НАО

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://asu.edu.kz/

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті — Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. Алғашқы оқу жылында институтта 3 бөлім ашылып, әр бөлімде қазақ және орыс тілдерінде оқитын 50 студенттен 150 адам қабылданды. 1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды. Осы жылы оқу орнына көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімі берілді. Жоғары оқу орны мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Қазақстанның батыс аймағында алғашқы аймақтық университет дәрежесіне ие болды. 2005 жылы оқу орнының білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен және әлемдік білім беру саласындағы талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған Сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Оқу орны «Mody International ertification» ұйымының «ИСО 9001-2000» және «Эксперттеу және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстандық филиалының сертификатына ие болды. 2007 жылы Университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау мақсатында болған «Алтын сапа» көрме байқауына қатысып, белсене қатысушы мекеме ретінде Алғыс хатқа ие болды. 2009 жылдың 18 қыркүйегінде (Болонья) университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды, бұның өзі – университеттің қабілеттілігі мен мол дәстүрінің белгісі. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ұлы Хартиясына біріккен 600 әлемдік университеттер қатарына енді. Соның нәтижесінде университет Болон процесінің толық қатысушысы болып есептілді. Болон үдерісі талаптарына сәйкес білім алушылардың қос диплом алуларына, оқу орнын қысқа мерзімде бітіруге салалы университеттердің ішінде алтыншы орынға ие. Түлектерді жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру үшін жыл сайын жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтеді, оған аймақтағы отандық және шетелдік компаниялар, түрлі деңгейдегі банк өкілдері, облыстық білім беру департаментінің жауапты адамдары қатысады. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып келеді. 2020 жылы маусым айында университет «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды.

ЖОО галереясы