Оқу орындары

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

Қала: Қарағанды

Вебсайт: https://www.keu.kz

Типі: Государственная

Басқару формасы: on

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://esuvo.platonus.kz/

QS Рейтингі: 1800

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

ҚЭУ мемлекеттің гуманитарлық-экономикалық ЖОО-ның ішінде жетекші үштікке кіреді. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (ҚЭУ) нарықтық қатынастар, менеджмент және маркетинг, бизнес және кәсіпкерлік, есеп және аудит, халықаралық экономикалық қатынастар, экономикалық қызметті құқықтық реттеу, кеден экономикасы салаларында мамандарды дайындайды. Жоғары білікті мамандарды даярлау 13 мамандық бойынша жүзеге асырылуда. Университет құрылымына келесі бөлімшелер кіреді: 5 факультет; 4 филиал; «Қарағанды экономика университеті – Қазтұтынуодағының кооперативтік (қазіргі экономикалық) колледждері» ОӘК; компьютерлік технологиялар орталығы; инновациялық орталық; экономика, бизнес және құқық колледжі; ғылыми және білім беру орталығы; персоналды басқару бөлімі; оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау бөлімі; жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бөлімі; баспа орталығы; тұтыну кооперациясының және университет тарихының мұражайы; кітапхана. Оқытушылар құрамының ішінде 22 ғылым докторы, 38 профессор, 131 ғылым кандидаты бар. Дәрежелілік пайызы 54% құрайды. Бүгінгі күнде университет 18 елдің жетекші университеттерімен 70 келісімшарттарына ие, толығырақ олар Росей, Украина, Италия, Испания, Австрия, Германия, Польша, Болгария, Чехия, Румыния, Венгрия, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай, Малайзия. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Университеті шеңберінде «Экономика» мен IT-бағыттары бойынша екідипломдық білім алу 2 келісілген біліми магистрлік бағдарламалар жүзеге асуда. Университетте 6 студенттік клуб жұмыс істейді. Студенттер мен оқытушылардың жазғы демалысы үшін Қарқаралы оазисінде университеттің спорттық сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оқушыларды жүзуді үйрету үшін «Яхт клубы» құрылды. Университетте медициналық пункт, стоматологиялық кабинет, шаштараз бар.

ЖОО галереясы