Оқу орындары

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Қала: Алматы

Вебсайт: https://nmu.edu.kz/kk/

Типі: Государственная

Басқару формасы: on

Тізілімдегі бағдарламаға сілтеме: https://edu.nmu.edu.kz/

QS Рейтингі: 0

THE Рейтингі: 0

ЖОО туралы

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет Араб респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Университеттің ең жоғарғы басқару органы: екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған Қамқорлар кеңесі. Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің миссиясы – біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, гуманитарлық және педагогикалық бағыттардағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, қоғамның ғылыми және дінирухани әлеуетін паш ету. Университет Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді. Университет бакалавриаттың 9 білім беру бағдарламасы, 2 магистратура және 2 докторантура білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. Қазіргі таңда ЕИМУ Нұр-Мүбаракта 1600-ден астам студенттер білім алуда (1433 бакалавр, 71 магистр және 45 PhD докторант). Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқыту: қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мұсылман әлемінің мемлекеттерімен академиялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында жыл сайын мұғалімдер ұжымы шетелдік оқытушылармен толықтырылады. Оқытушылардың 23% шетелдік оқытушылардан тұрады. Пайыздық көрсеткіштегі ОҚ саны: Ғылым докторы - 2%, Ғылым кандидаты - 20%, PhD - 35%, Магистр - 43%. ЕИМУ Нұр-Мүбарак қызметкерлері соңғы 5 жылда: 50 монография мен оқулық, 32 оқу құралы мен әдістемелік құжат шығарды және ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған ғылыми басылымдарда 162 мақала жарық көрді. Clarivate Analytics компаниясының Scopus, Web of Science Core Collection, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index, деректер базаларына кіретін ғылыми журналдарға 51 ғылыми мақала жарияланған; РИНЦ ретінде индекстелген ғылыми журналдарда 32 мақала жарияланды. 7 адамға ғылым саласы бойынша мемлекеттік сыйлық және жеке ғылыми сыйлықақы берілді, сондай-ақ, 15 авторлық құқық және 10 патент алды. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері оқуларын жалғастырса да немесе еңбек нарығына шықса да өз жетістіктерімен паш етуде. Бакалавриат студенттерінің жұмыспен қамтылуының орташа деңгейі - 83%, магистратурада - 90%, докторантурада - 99%. Бакалавр дәрежесін алғандардың шамамен 7%-ы магистратураға түскен, ал 3%-ы өз білімдерін шетелде жалғастыруды шешкен. Түлектер жұмысқа тұратын басым салалар - муфтият (ҚМДБ), дін істері басқармалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттері, сондай-ақ білім және ғылым салалары. Университет қаламыздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы, «NM-collection» тігін шеберханасы, NMU-shop, асхана жұмыс істейді.

ЖОО галереясы