ВУЗы

Академия Гражданской Авиации

Город: Алматы

Веб-сайт: https://qazcaa.com

Тип: Государственная

Форма правления: АО

Ссылка на программу в реестре: http://esuvo.platonus.kz

Рейтинг QS: 0

Рейтинг THE: 0

Об университете

2013 жылдан бастап Академия базасында ТМД кеңістігіндегі үшінші (Мәскеу мен Киевтен кейін) ICAO авиациялық қауіпсіздік бойынша субөңірлік оқу орталығы табысты жұмыс істейді. Оның материалдық-техникалық базасы, оқу-әдістемелік құжаттамасы және нұсқаушылар құрамы ICAO стандарттарына сәйкес келеді. Мұнда дайындалған мамандар тек авиация саласында ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау және әлеуетті құрылымдарда да сұранысқа ие. 2016 жылы Академияда Ұшқыштарды даярлау орталығы ашылды. Студенттерде Boeing-737, Аirbus-320 заманауи жаттығу кешенінде және Орталық Азиядағы жалғыз FNTP -II Alsim кешенінде ұшуға дағдылануға тамаша мүмкіндік бар. Жаттығу құрылғыларында студенттерден басқа Қазақстан Республикасы әуе компанияларының ұшқыштары қайта даярлаудан өтеді. Аспанға алғашқы рет студенттер Tecnam-2002 заманауи бір моторлы ұшағымен көтеріледі, содан кейін үлкен әуе лайнері сияқты, тек аспап бойынша және тіпті түнгі уақытта ұшуға болатын екі моторлы Diamond D-42 ұшағымен ұшады. Академияның оқу-жаттығу ұшақтарының паркі үнемі өсіп отырады. Сонымен қатар, Академия студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ішінен үздіктері Еуропаның ұшу мектептеріне жіберіледі. Оқуды аяқтап, ұшу және жаттығу практикасынан өтіп, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда емтихан тапсырғаннан кейін бітірушілер ICAO талаптарына сай (CPL) коммерциялық ұшқыш куәлігін алады. Академияда, сондай-ақ, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге оқытатын Техникалық персоналды даярлау орталығы жұмыс істейді. 2020 жылдан бастап осы (A, B1 және B2) санаттағы мамандарды даярлау (EASA) Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Әуе тасымалы мен логистика мамандарын оқыту (ІАТА) Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының стандарттарына сәйкес жүргізілетін болады. Ол үшін Академияда тиісті Мамандандырылған орталық құрылып жатыр. Әскери кафедрада оқыған студенттер бакалавр дипломымен бірге запастағы офицер әскери атағын алады. Сонымен қатар, Академия құрамында ұзақ жылдар бойы Авиациялық колледж жұмыс істейді, оған арнайы орта авиациялық білім алғысы келетін жігіттер мен қыздар түсе алады. Басқа қаладан келген студенттер оқу корпусына жақын, Академия аумағында орналасқан және 380 орынға арналған жатақханамен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта тағы бір жатақхана ғимараты салынады. Ең бастысы – болашақ әуе мамандарын жоғары білікті профессорлар, оқытушылар және тәжірибелі (тәлімгер) нұсқаушылар оқытады. Сондықтан да Академия біздің еліміздің жастары үшін ғана емес, сонымен қатар көрші мемлекеттер: Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай үшін де тартымды. 2019 жылдың соңында Азаматтық авиация академиясы ICAO аясында әрекет ететін ALICANTO – әлемдегі авиациялық жоғары оқу орындарының халықаралық қауымдастығының мүшесі болды. Академияда магистратура мен (PhD) докторантура бар, сондай-ақ авиация саласында болашақта туындауы мүмкін мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Ғылыми мамандар әуе көлігін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу, профайлинг технологияларын енгізу, ұшқышсыз авиациялық жүйелердің ұшуын реттеу және қамтамасыз ету, жасанды сана және машинамен оқыту негізінде деректерді өңдеу және ғылыми талдау бойынша зерттеулер жүргізіп жатыр. Ғылыми зерттеулерге шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бакалавриат студенттері мен магистранттар белсенді түрде қатыстырылады.

Галерея университета